×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

СҚО-да өзендер арнасынан асып, жолдарды су шайып кетті

06.04.2023, 09:32
paryz.kz

Солтүстік Қазақстан облысында барлық өзендердің суы көтеріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, Сергеев су қоймасының ернеуінен тасып аққан судың биіктігі бүгін таңғы сағат 8.00-де 102 см-ге жетті. Кеше, 5 сәуірде оның биіктігі 5 см болған.

“Су әлі де келіп жатыр. Мәселен Сергеевка қаласының жанында Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 294 см көтерілді. Ал Крещенко елді мекенінің маңында өзеннің су деңгейі 4,5 метрге жоғарылаған. Осылайша 1365 см құрап, қауіпті деңгей – 1400 см-ге жақындап қалды. Су өзен арнасынан шығып, жайылып жатыр”, – дейді мамандар.

Ақанбұрлық өзенінің де суы молайды. Возвышенка елді мекені маңындағы гидрологиялық бекетте мамандар су деңгейінің бір тәулікте 295 см көтерілгенін анықтады.

Рузаевка елді мекені маңында Шарық өзенінің де су деңгейі 97 см көтерілді. Бұл екі өзенде де мұз жарылып, сең жүріп жатыр.

Үлкен Тораңғұл көлінен әзірге келер қауіп жоқ. Гидрологиялық бекетте мамандар судың деңгейін бақылауда ұстап отыр, өзгеріс болмашы, 1 см ғана көтерілді.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 сәуір күні сағат 17.56-да еріген қар суы Рузаевка елді мекенінің маңында «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 191 шақырымын шайып кетті. Сағат 22.00 шамасында судың жолға шығуы тоқтады.

Сондай-ақ Тоқсан би елді мекенінің маңында сағат 18.00 шамасында «Екатенирбург-Алматы» автожолының 41 метрін су басты. Сағат 00.20-да судың жайылуы тоқтады.

Мамандардың айтуынша, бұл жерлерге арнайы белгілер қойылып, қазір кезекшілік ұйымдастырылған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысындағы тасқын су кірген  Қарамырза ауылындағы ахуал туралы жазғанбыз.

Серіктес жаңалықтары