Абай облысында 17 млрд-тан астам сомаға 304 мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бас прокуратура мәліметінше, оның ішінде 12,7 млрд. теңгеге астам сомаға 55 заңсыз сатып алуға жол берілмеген. Әкімшілік жауапкершілікке 10 тұлға, оның ішінде 1 аудандық маңызы бар қаланың әкімі, тәртіптік жауапкершілікке 27 тұлға, оның ішінде 2 кент әкімі және 2 аудандық бөлім басшысы тартылды.
“Ең жиі бұзушылықтар сатып алуды өткізудің тиісті емес тәсілімен, оларды міндетті болған кезде жобалық-сметалық құжаттамасыз жариялаумен, бәсекелестік ортаны болдырмайтын жоғары талаптар қоюмен байланысты.Сондай-ақ бюджетті тиімсіз жоспарлау фактілері анықталды. Мысалы, 440 млн. теңгеге жолдарды орташа жөндеуге конкурс жарияланған кезде техникалық ерекшелікте жол учаскесі көрсетілген, бұл бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның жөндеуі жоспарланған. Прокуратура актісі бойынша конкурс тоқтатылды, бөлінген 294 млн.теңге жолдың басқа мұқтаж учаскесін жөндеуге қайта бөлу жоспарлануда”, – делінген ведомство хабарламасында.
Тағы бір жағдайда көшені жарықтандыру жұмысы жоспарланған, алайда іс жүзінде мүлде жасалмаған. Бұл конкурс хабарландыру сатысында тоқтатылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.