×
$
446.56
512.34
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
446.56
512.34
5.3

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Қытайға есе жіберді

Бүгін, 09:09
Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Қытайға есе жіберді
Владислав Семенов

Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында гандболдан әйелдер арасында сайыстар басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы матчінде Қытаймен жолықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша қытайлық гандболшылар 24:34 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, бұл спорт түрінде жарыстар айналмалы жүйе бойынша өтіп жатыр. Ұлттық құрама келесі ойынын 20 қыркүйекте Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді. 

Сонымен қатар, бүгін 19 қыркүйекте 2026 жылғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. 

Контекст

Азия ойындары (Азиада) - Азия құрлығындағы ең ірі көпспортты дода. Олимпиадалық Азия кеңесінің ұйымдастыруымен өтетін бұл жарыс төрт жылда бір рет өткізіледі.

Алғашқы Азия ойындары 1951 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен. 2026 жылы ХХ жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Дүбірлі додаға Азияның 45 елі мен өңірінен спортшылар қатысады.

Биылғы жарыс бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілген. Спортшылар 469 жүлде жиынтығын сарапқа салады.