×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қарағанды облысында делдал жұмыртқа бағасын шарықтатып жіберген

25.04.2023, 13:05
көрнекі фото

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу мониторингі барысында «Агрофирма Курма» ЖШС өндіретін жұмыртқаға үстемеақы мөлшерінің шектен асқаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, саудаға делдалдың қатысуы салдарынан баға шарықтап кеткен. Департамент пен облыс әкімдігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде баға үстемесін асырғаны үшін делдал ЖК «Носиков» әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Өндіруші «Агрофирма Курма» ЖШС азық-түлік жұмыртқасының сату бағасын 470 теңгеден 430 теңгеге дейін немесе 9,5%-ға төмендетті”, – делінген хабарламада.

Ведомство өндірушілер мен дистрибьюторлардың ҚР «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының нормаларын сақтауын еске салды.

Серіктес жаңалықтары