×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Атырау облысында дәретханадан жаңа туған нәресте табылды

04.10.2021, 20:03
Фото: ашық дереккөз

Индер ауданында 31 жастағы әйел жаңа туған нәрестесін даладағы дәретханаға тастап кетті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Мой город» басылымының мәліметінше, оқиға 3 қазанда болған. Нәрестені сол маңнан өтіп бара жатқан адам тауып алып, полиция қызметкерлерін шақырған.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сәби Индер аудандық ауруханасының босандыру бөліміне орналастырылған.

«Сәбидің денесі тоңып қалған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. Осы ауданның тұрғыны, 31 жастағы әйел де аудандық аурухананың босанғаннан кейін жататын бөліміне жатқызылды», - дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Полиция департаменті аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары