×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Атырауда далаға тағы да зиянды қалдықтар төгіліп жатыр

26.04.2023, 13:19
әлеуметтік желіден

«AQIQAT» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғазиз Ғабдуллин Атырауда далаға тағы да зиянды қалдықтар төгіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның сөзінше, лас су Мақат ауданының экологиясына орасан залал келтіруде.

«KPI компаниясы мен оған мердігерлік қызмет көрсетуші компаниялар бұдан бұрын да, қазір де зауыттың артына экологиямызға зиянды қалдықтарды төгіп жүр. Бұл әрекеттері үшін бұрын жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта экологиямызға қайталама залалын келтіруде. Қаншама гектар жайылым жерді бүлдіріп жатыр»,  – деп жазады Ғазиз Ғабдуллин.

Айта кетейік, жуырда Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Атыраудың тек донор аймақ ретінде қаралып, облыс экологиясына мемлекеттік деңгейде көңіл бөлінбеуі – аймақ халқына жасалған әділетсіздік екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Атыраудың атмосфералық ауасында күкіртті сутегі шекті нормадан 20 есеге артқанын хабарлағанбыз.

Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиевтің сөзінше, бүгінде Атырау қаласының ауасын ластаған екі кәсіпорын тексеріліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары