×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Атырауда нан қымбаттады

10.05.2023, 08:16
фото: ашық дереккөзден

Егер бұрын қалада бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нанды 81 теңгеге сатып алуға болатын болса, қазір әлеуметтік нан 91 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

"Атырау" ӘКК баспасөз нанның неге қымбаттағанын түсіндірді.

"Біріншіден, "Желаевский КХП" ЖШС ұн тарту кәсіпорны бірінші сұрыпты ұнның бағасын бір келісі үшін 155 теңгеден 165 теңгеге дейін көтерді, сондай-ақ "КАРАТ" ЖШС ұн жеткізушісі ұнның құнын бір келісі үшін 145 теңгеден 155 теңгеге дейін көтерді. Екіншіден, наубайханалар бағаны көтерді, себебі бірінші сұрыпты ұн қымбаттады, электр энергиясының, коммуналдық қызметтердің, жанар-жағармайдың құны өсті, жұмысшылардың жалақысы көтерілді. Қазір бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 83 теңгеден жеткізіледі", - деді "Атырау" ӘКК.

Нәтижесінде дүкендерде бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан 91 теңгеден сатылып жатыр. Бұл ретте "Атырау" ӘКК бағаны нарықпен салыстыратын болсақ, тұрақтандыру қорында бірінші сұрыпты ұннан пісірілген нанның бағасы 20-30 теңгеге төмен екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары