×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Риддерліктер жаз бойы ыстық сусыз отыруы мүмкін

11.05.2023, 13:32
фото: ашық дереккөзден

Риддер қаласында жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындар жаз бойы ыстық сусыз отырмақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Риддер ЖЭО» АҚ мәліметіне сүйенсек, 10 мамырдан бастап қала бойынша ыстық су өшірілген. Бұған жылу электр орталығына жөндеу жұмыстарының жүргізілетіндігі себеп.

«Жоспар бойынша орталықтағы қазандықтар өшірілді. Жөндеуге дайындық жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта жобалаушы ұйымдар ЖЭО-ға келіп, жөндеу жұмыстарына қажетті жобаларды әзірлеу үстінде», - делінген ақпаратта.

Осылайша, қала тұрғындары жаз бойы ыстық сусыз отырады.

Серіктес жаңалықтары