×
$
454.98
€
509.53
₽
5.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
454.98
€
509.53
₽
5.37

Алматыда жылу қашан беріледі

Бүгін, 15:50
Алматыда жылу қашан беріледі
ЖИ/ Ulysmedia

Ауа райының күрт суытуына байланысты Алматыда 2026 жылғы жылыту маусымы әдеттегіден ерте басталады. Орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары 9 қазанда басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Жылу ең алдымен әлеуметтік нысандарға – балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Ал тұрғын үйлерді жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады.

Үйлерге жылу берілгеннен кейін ПИК және МИБ мамандары ішкі жылу жүйелерін реттеуге тиіс. Атап айтқанда, батареялар мен жылу құбырларындағы ауаны шығарып, қысымды реттеп, пәтерлердің біркелкі жылуын қамтамасыз ету қажет.

Қысқа дайындық аяқталды

«Алматы жылу желілері» компаниясының мәліметінше, жылыту маусымына дайындық жұмыстары аяқталған. Апат болған жағдайда пайдалануға арналған материалдар мен қажетті жабдық қоры жасақталған.

Қыс мезгілінде қалада 220 маманнан және 56 техникадан тұратын 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік етеді.

Еске салайық, елордада жылыту маусымы 2 қазанда басталған. Оның алдында жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізіліп, анықталған ақаулар жойылған.