×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

«Қарабаев қайда?»: Маралды халқы уәде еткенімен хабарсыз кеткен министрді күтіп жүр

01.06.2023, 10:48
Коллаж: ulysmedia.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевқа «іздеу салады». Министр осыдан бір ай бұрын алтын зауытына қарсы шыққан маралдылықтарға қарата «сәл сабыр етіңіздер, келесі аптада халықпен кездесеміз» деген. Алайда Қарабаев сол күйі төбе көрсетпеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Жалпы алтын зауыты бойынша осы апта емес, келесі аптада әкімдіктің өкілін, сонымен қатар жергілікті халықпен қосымша кездесу өткіземіз. Содан соң ғана жауап береміз. Өйткені бірнеше мәселе бар. Айтып жатқандарыңыз дұрыс, екі тарап бір-бірімен келісімге келіп тұрған жоқ. Сондықтан, баршасының басын қосып, жауап береміз», - деген еді 2 мамырда өткен үкімет отырысынан кейін Марат Қарабаев.

Бүгін Ulysmedia.kz тілшісі Марат Қарабаевтың орынбасары – Ілияс Омаровтан уәде еткен министрдің қайда жүргенін сұраған. Алайда вице-министр басқа блокқа жауап беретінін білдірді.

«Бұл мәселе бойынша менде ақпарат жоқ. Алайда ол жұмыстың атқарылып жатқанын білемін. Қосымша басқа блоктан сұрасаңыз, айтып береді деп ойлаймын. Ол мәселе біздің ішкі мәжілістерде талқыланып отырады. Менің бағытым болмағаннан кейін сізге нақты ақпарат бере алмаймын», - дейді Ілияс Омаров.

Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары «ауылымызды қазбасын» деп, алтын өндіруші компаниялармен күресіп жүр. Маралды халқы мұндағы елдің басына үлкен қауіп төніп тұр деп есептейді. Айтуларынша, Шығыс Қазақстаннан басталатын екі үлкен өзен – Күршім мен Маралдыны алтын зауыты улайтын түрі бар. «Цианидті пайдаланатын өндіріс біздің ауыл халқының денсаулығына үлкен зиянын тигізеді» дейді олар.

Бұған дейін министр Сүлейменова Шығыс Қазақстанның Риддер қаласының халқымен кездесуге барған. «Министр неліктен бізге келмейді?» деген маралдылықтар Сүлейменованың соңынан Риддерге барып, мәселені алдына кесе көлденең қойған. Алайда «рұқсат қағазынсыз не себепті Маралдыда фабрика салынып жатыр?» деген сұраққа министр түсінікті жауап бере алмады дейді тұрғындар.

Серіктес жаңалықтары