Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде Ақтөбе облысында автогаз тек талонмен сатылып жатқаны жөнінде ақпарат тараған болатыр. Аалйда өңір әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының деректері бойынша, өңір аумағында 3 сұйытылған мұнай газын өндіруші зауыт жұмыс істейді: «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «Gas Processing Company» ЖШС.
“ҚР Энергетика министрлігі Ақтөбе облысына ағымдағы жылдың маусым айында 12 013 тонна сұйытылған мұнай газын бөлді.Өндіруші зауыттардың жөнелту кестесіне сәйкес, көзделген 12 013 тоннадан бүгінгі күні 2 858 тонна немесе жалпы көлемнің 24% жіберілді. Сонымен қатар, Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша маусым айына қосымша 1 500 тонна бөлу жоспарлануда”, – делінген хабарламада.
Өңірде 9 155 тонна сұйытылған мұнай газының қоры бар екені атап өтілді.
“Қазіргі уақытта өңірде сұйытылған мұнай газының тапшылығы байқалмайды. Бұл мәселе облыс әкімінің тұрақты бақылауында”, – деп сендірді әкімдіктегілер.
Айта кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда автогаз 20%-ға қымбаттайтыны хабарланған.