×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Оралда қирап жатқан жағалауды жөндеуге миллиард теңге жұмсалады

21.06.2023, 08:03
фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында Жайық өзенінің жағалауын қайта жаңартуға миллиард теңге жұмсалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Мой город" порталына сілтіме жасап.

Бір жыл бұрын Орал әкімдігі жағалауды кезекті жөндеуге 280 миллион теңге бөлді. Бірақ қала әкімінің орынбасары жобаны Жандос Дүйсенғалиевтің айтуынша, мамандармен талқылағаннан кейін билік бұл идеядан бас тартқан.  Себебі әу баста рекреациялық аймақты жобалау кезінде өрескел қателіктер кеткен. Мысалы салмағы зілдей гранит тақталарды жарға желіммен жабыстырған. Қыста аязда немесе көктемде су тигенде ол тақталар түсіп қалды. Өзге де кемшілік аз емес. Сол себепті жағалауды кеңейтіп, қайта салу туралы шешім қабылданды.

Бір жылға жуық уақытты алатын жобаны әзірлеуге билік Орал тұрғындарын, урбанистерді, жобалаушыларды тартады. Жұмыстың болжамды құны миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Әзірге әкімдік жағалауды қалыпқа келтіруді жоспарлап отырған жоқ. Тіпті объектідегі құлаған плиткалар да қайта бекітілмейді, оны ТКШ бөліміне жөнелту туралы шешім қабылданған.

Серіктес жаңалықтары