×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Жамбыл облысында төтеншеліктер таудағы өртпен арпалысып жатыр

04.07.2023, 09:25
көрнекі фото

ТЖМ Жамбыл облысының таулы жерінде орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Бүгін сағат 8.38-де Жамбыл облысының Т. Рысқұлов атындағы ауданында таулы жерде орын алған құрғақ шөп өрті оқшауланды. Өрт таудың басында болып жатыр, ауданы анықталуда”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамнан 45 адам мен 6 бірлік арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 бірлік техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Абай облысына қарасты Көкпекті ауданында қамыс өртенген.

Серіктес жаңалықтары