Атырау облысының білім басқармасы лагерьге бара жатқан жолда пойызда көз жұмған баланың өлімі тергеліп жатқанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған.
«Қазір баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді, қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады ведомстводан.
Олар лагерьге бара жатқан балалардың өз тамағы болғанын еске салды. Қайтыс болған баланың отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетіні айтылады.
Еске сала кетсек, «Атырау – Астрахань» пойызында 13 жастағы бала көз жұмған. Дәрігерлер баланың ажалына не себеп болғанын анықтап жатыр.