×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Маңғыстаудағы «алтын учаскелер» мемлекетке қайтарылды

17.08.2023, 10:45
Фото: Ашық дереккөзден

Маңғыстау облысының прокуратурасы өңірде «құны 7 млрд теңгеден асатын» жер учаскелері мемлекетке қайтарылғанын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың га 94 жер учаскелері, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер қайтарылды. Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңге құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімдері қайтарылды. Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған», - деп хабарлайды құзырлы орган.

Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген.

«Жекелеген аудандарда шамамен 60 жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20% - дан аз). Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары