×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Павлодарда 5-сынып оқушысының сәтсіз қалжыңынан 1000 оқушы шұғыл эвакуацияланды

21.09.2022, 15:50
Фото: Ашық дереккөз

Павлодарлық мектепте 1000-нан астам оқушы эвакуацияланды. ТЖД пультіне мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпар түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Pavlodarnews.kz жазуынша, жарылғыш зат қойылғаны туралы факт расталған жоқ. 

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, ТЖД пультіне 21 қыркүйек күні сағат 11.59-да Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебіне жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама түскен. 

“Барлық күштер мен құралдар бағытталды. Бірінші ауысымда 1048 оқушы және 88 педагог пен персонал эвакуацияланды. Жедел іс-шаралар сағат 13.35-те аяқталды”, - деді бөлімде.

Естеріңізге сала кетейік, жедел уәкілдер Павлодар облысында соттарға жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген хаттың авторын анықтады. Ол кәмелетке толмаған жеткіншек болып шықты. Бесінші сынып оқушысы Ақмола облысында ұсталды.

Аталған іс бойынша тергеу жалғасуда.