×
$
450.69
€
505.04
₽
5.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.69
€
505.04
₽
5.45

"Қазхром" шахтадағы қайғылы оқиғадан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтті

Бүгін, 16:22
"Қазхром" шахтадағы қайғылы оқиғадан кейін қауіпсіздік шараларын күшейтті
erg.kz

20 қазан күні сағат 23:20-да ERG құрамындағы "Қазхром" компаниясының Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасында қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жайы

Сақтандырғыш бекітпе орнату кезінде тау жыныстары опырылып, салдарынан 23 жастағы ұңғылаушы алған жарақаттарынан көз жұмды.

"Қазхром" компаниясы оқиғадан кейін жедел шаралар қабылдап, тиісті учаскедегі жұмысты тоқтатты. Сонымен қатар осындай жұмыстар жүргізілетін комбинаттың барлық учаскесінде жоспардан тыс қауіпсіздік тексерулері ұйымдастырылды.

ERG компаниясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасымен тұрақты байланыста екенін және қажетті көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын хабарлады.

– Бұл – марқұмның отбасы үшін де, онымен бірге еңбек еткен әріптестері үшін де ауыр қайғы. Қазір біздің міндетіміз – жақындарына қолдау көрсету және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға жәрдемдесу, – деді Дөң ТКБК директоры Бауыржан Өтемісов.

Компания оқиға туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарлаған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен арнайы тергеп-тексеру комиссиясы құрылады.

"Қазхром" тергеп-тексерудің ашық әрі жан-жақты жүргізілуіне жәрдемдесетінін мәлімдеді. Оқиғаның нақты себептері анықталғаннан кейін комиссия қорытындысы мен қабылданатын шаралар туралы қосымша ақпарат беріледі.