×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Шымкенттегі ауруханада пациент дәрігерге тап берді

21.09.2023, 19:54
Фото: Скриншот

Видео әлеуметтік желіге тарады. Кадрда пациенттің дәрігерге тап бергені көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Орта бойлы ер адам жалаңаш күйі алдымен ақ халатты ер адамды соқпақ болады. Мұны көрген ауруханаға қызметкерлері жан ұшырып, басқа ер адамдардан көмек сұрайды. Осы кезде ауруханадағы жедел жәрдем қызметкерлері көмекке келіп, ашуланған пациентті тыныштандырмақ болған. Алайда ер адам сондағы жедел жәрдем қызметкерлерінің бәріне қоқан-лоқы көрсеткен. Оқиға Шымкенттегі токсикология орталықтарының бірінде болғаны туралы мәлімет бар. Куәгерлердің сөзінше, осы іс бойынша полиция арыз қабылдаудан бас тартқан.

Ulysmedia аталған оқиға бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне хабарласқан. Ведомство істің мән-жайын анықтап жатыр.

Серіктес жаңалықтары