×
449.88
486.64
4.83
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.88
486.64
4.83

Оларға ақша шашуды қою керек: депутат шетелдік футболшыларды гастербайтерлерге теңеді

02.10.2023, 14:07
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев кәсіби спортқа бюджет есебінен қаражат бөлуді тоқтату керек деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Біз мемлекет бюджеті есебінен қаржыландырылатын кәсіби спорттың не екенін білеміз. Мәселен, интернеттен «Ордабасы» футбол командасының құрамын ашып қарасаң, бірден 9 адам шығады. Осы 9 адамның ішінде үшеуі ғана Қазақстан азаматтары. Ал бұл командаға Шымкент қаласы әкімдігі бюджетінен ақша бөлінеді. Қалғаны беларусь, украиналық, сенегал, бразилиялық азаматтар. Біз бюджеттің ақшасын гастербайтерлерге таратып жүрміз», - дейді Болатбек Әлиев.

Депутат бюджеттен «гастербайтерлерге ақша таратуды қойып, ол қаражатты балаларды тәрбиелейтін бапкерлерге беру керек» деп ұсыныс жасады. Болат Әлиев бюджеттен бұл бағытта ақша бөлуді Туризм және спорт министрлігі тоқтатуы керек деп талап етті.

«Бүгін ел чемпионатында «Ордабасы» бірінші орын алды делік. Кімнің есебінен? Мемлекет басшысы өз жолдауында Қазақстанның үлесін арттыруды тапсырды. Бұл қазақстандықтарға да қатысты, айдаладағы беларусь немесе ресейлікке, бразилиялыққа қатысты емес. Шымкент - чемпион деп мақтанамыз. Кімнің есебінен сонда? Ал біздің балаларға ақша жетпей жатады. Құрметті, вице-министр сізге күлкілі ме?» - дейді қарама қарсы отырған шенеунікке Әлиев.

Депутаттың сөзінше, Шымкент қаласының бюджетті бөлген кезде кәсіби спорт бағытында шек қою керек деп ойын айтты. «Гастербайтерлер» есебінен жеңістің қажеті жоқ деп те ашуға басты. Бұл сұраққа жауап берген туризм және спорт вице-министрі алдағы уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор есебінен кәсіби спортқа қаражат бөлу ісін тоқтату бастамасы көтеріліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, министрлік қазір біржақты қаржы көзін тоқтата сала алмайды. Ол үшін заңға тиісті өзгерістерді енгізу керек. Яғни, министрлік өкілдері желтоқсанда тиісті заңға өзгеріс енгізіп, бюджет есебінен кәсіби спортты қаржыландыруды тоқтату жөнінде ұсыныс енгізбек. 

Серіктес жаңалықтары