×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Номиналы 5000 теңгелік ескі купюралар айналымнан шығарылады

16.11.2023, 16:29
Фото: nationalbank.kz

2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңге болатын купюралар Қазақстанда 2023 жылдың соңынан бастап жаңаларына ауыстырыла бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық банк қаулысында аталған банкноттардың айналымы 2023 жылғы 25 желтоқсаннан 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін белгіленген.

Осы мерзім аяқталғанға дейін ескі және жаңа банкноттар заңды төлем құралы бола береді. Аталған банкноттағы ақшаны төлемдер мен аударымдардың барлық түрі бойынша қабылданады. Банк шоттарына аудару үшін Қазақстанның бүкіл аумағында олардың атаулы құны бойынша қабылдауға міндетті. Сондай-ақ Ұлттық банктің, ұлттық пошта операторының және екінші деңгейдегі банктердің барлық филиалдарында шектеусіз айырбастауға жатады.

Теңгенің жаңа сериясы

Ұлттық валюта банкноттарының жаңа сериясын Ұлттық банк 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің XI Конгресінде таныстырды. Ол "сақ стилі" элементтеріне негізделген және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап қазіргі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейді.

Серіктес жаңалықтары