×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Қазақ бюджетіне ең көп салық төлеген ТОП-3 компания кімдерге тиесілі

19.12.2023, 15:58
сурет ашық дереккөзден

Топ-50 жеке компанияның кірісі бір жылда 25% - дан астамға өсті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

forbes.kz еліміздегі ең ірі һәм табысты 50  компания жылды қалай аяқтағынын жариялады.

Кім ұтты, кім ұтылды

Биыл елдің ірі жеке компаниялар үшін жағдай бір қалыпты болды деуге келмес. Мұнай бағасының өсуіне байланысты бұл секторда кіріс ең жақсы динамиканы көрсетті. Сонымен қатар, рейтингте ұзақ уақыт болмаған мұнай сервисі саласының өкілдері пайда болды. Сауда, ретейл, әуе тасымалы, тау-кен металлургия және тамақ өнеркәсібі өкілдері де әжептәуір табысқа кенелді. Ең көп зардап шеккендер құрылыс секторының ойыншылары және бизнесі Ресеймен тығыз байланысты адамдар болды. Топ-50-ге екі -"құрылысшы" ілікпей қалса, екеуі кірісті төмендеген. Тек екі компания бұл салада орташа өсім көрсетті. Сонымен топ-50 жиынтық табысы теңгемен 12,4 трлн теңгені құрады, бұл 2021 жылғы 9,87 трлн теңгеден 25,6% - ға артық. Доллармен есептегенде өсім $23,17 млрд-тан 2 26,9 млрд-қа дейін 16% - дан асты.

"Баян Сұлудың" табысы 76% асып түсті

Жаңа рейтингте 26 компанияның позициясы нашарлаған, 16 – сы жақсарды, төртеуі өз орындарын сақтап қалды, біреуі оралды. Үздік 50-ге биыл үш жаңа комания кірді. Бұл ағайынды Фаррух (Forbes Kazakhstan бай бизнесмендерінің рейтингінің № 22) және Сухраб Махмудовтар негізін қалаған, бірден алғашқы ондыққа енген Orbis Auto автомобиль сатушысы және өндірушісі компания; «АқсайГазСервис» мұнай сервисі АҚ. Оның акциясының басым бөлігіне жоғарыда атап өткен ағайынды Махмудовтар мен "Atasu Group" логистикалық ЖШС негізін қалаған бизнесмен Марат Жұман ие. Тізімге "Баян Сұлу" АҚ оралды, оның бір жылдағы кірісі 76% - дан асып түсті.

Шағымнан көз ашпайтын Scat-тың табысы артты

Табыстың өсуі бойынша көшбасшы "АқсайГазСервис" АҚ – 135%, Scat әуекомпаниясында екінші орын – 100% , "Aitas Kz" АҚ- 86,7% құрады.

Ең көп салық төлеген үштік

Топ-10 ірі салық төлеушінің бірінші және екінші орындарын KAZ Minerals (138,96 млрд теңге) және "Қазақмыс "корпорациясы" ЖШС (109,26 млрд теңге) иеленді. Үштікті бюджетке 105,85 млрд теңге аударған "Каспий мұнай" АҚ жабады. Осы түрдегі еркингтің жаңадан бастаушылары арасында – 39,52 млрд теңге төленетін Orbis Auto, "Шұбаркөл Көмір" АҚ – 29,65 млрд және "Arena S" ЖШС – 22,64 млрд.

Үштік кімдерге тиесілі

Ең табысты 10 компанияның алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды. Бұл 485,42 млрд теңге тапқан "Қазхром "ТҰК" АҚ (Eurasian Resources Group S. A.r.L. (ERG) компаниясына тиесілі. ҚР Қаржы министрлігі – 40%, Ибрагимовтар отбасы - 20,7%, Александр Машкевич – 20,7%, Патох Шодиев – 18,6%.), KAZ Minerals – 341,83 млрд теңге (құрамына Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық үлгідегі және Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кеніштері, Шығыс Қазақстандағы үш жерасты кеніші, Қырғызстандағы Бозымшақ алтын мыс кеніші кіреді) және "ССКӨБ" АҚ (Соколов-Сарыбай кені орны, Eurasian Resources Group S. A.r.L. (ERG) компаниясына тиесілі) – 166,89 млрд теңге.

Серіктес жаңалықтары