×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Бұл әділетсіздік»: Ірі кәсіпорындар төлейтін айыппұл неге жергілікті бюджетке түспейді

27.12.2023, 10:12
Коллаж: ulysmedia.kz.

Мәжіліс депутаттары өңірлердегі ірі кәсіпорындар ірі айыппұлдарды жергілікті бюджетке төлеуі тиіс деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мәжілісте бүгін бюджет кодексі талқыланып жатыр. Отырыста депутат Еділ Жаңбыршин ірі ластаушы ірі кәсіпорындар ірі қалаларда орналасқанын атап өтті. Ондай кәсіпорындар Теміртау, Балқаш, Өскемен, Жаңаөзен, Атырау, Тараз қалаларға шоғырланған. Мәжілісмен сол кәсіпорындардан шығатын ластаушы заттар халықтың денсаулығына кері әсер ететінін айтты. 

– Қолданыстағы бюджеттік кодекске сәйкес, осы ластаушы субъектілерге белгіленген мөлшердегі төлемдер жергілікті бюджетке түседі. Рұқсат етілген көлемдегі мөлшерде. Ал сол субъектілер ластаушы заттарды нормадан тыс қоршаған ортаға таратса, бұл айыппұлдар республикалық бюджетке түседі. Яғни біз халыққа зияны аз келетін ластаушы заттарға байланысты төлемдерді бюджетке қалдырамыз да, зор зиян келтіретін кездегі айыппұлдарды республикалық бюджетке апарамыз. Бұл әділетсіз деп есептейміз. Қаражат қай жер ластанып жатыр – сол жерге түсуі керек. Сол жердегі халықтың денсаулығына жұмсалуы керек. Сондықтан, бірнеше депутат болып, осы норманы өзгертуді ұсынамыз. Осыған байланысты көзқарасыңыз қандай? Үкіметтің позициясын білгіміз келеді, – деп сұрады министрлерден Еділ Жаңбыршин.

Бұл сұраққа жауап берген ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өте маңызды мәселе екенін, алайда осы айыппұлдарды жоспарлау мүмкін емес екенін атап өтеді.

– Ал депутаттар берген ұсыныстар бойынша осы айыппұлдарды, қаражатты ГОБМП-ға немесе басқа да шаралағра жіберу – жоспарланған шығыстар болуы керек. Ол бір проблема. Екінші мәселе – неге республикалық бюджетке түседі. Республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бірақ біз бюджет кодексіне тиісті ұсынысты жасадық. Арнайы кірістерді негативті әсер ететін экологиялық мәселелерді жіберу (...) Барлық бюджет жүйесін тұрақты ұстау үшін аудандық деңгейге бармайтын болады, – дейді Әлібек Қуантыров.

Ал вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазір салық кодексі тарапынан осы кейбір салымдарды (арнайы және баж салымдары, жергілікті салықтар) бәрін жергілікті органдарға беру пысықталып жатқанын атап өтті.

– Оны беруге болады. Бірақ Әлібек Сәкенұлы айтып тұрғаны – оны беріп алып, есептеу мүмкін емес. Яғни биыл 50 млрд теңге түсуі мүмкін, келесі жылы ештеңе түспеуі мүмкін. Себебі ол тексеру барысында ғана түседі. Оны жоспарлау мүмкін емес. Ертең оны алып алып, тиісті қаражат түспесе, жергілікті бюджетке шығын келеді. Сондықтан, сол тұрғыдан егер жергілікті атқарушы оргадар қарсы болмаса, толығымен беруге дайынбыз, – дейді Ерұлан Жамаубаев.

Еділ Жаңбыршин министрдің айтқанымен келіспейтінін айтты. Оның айтуынша, жергілікті бюджетке түсетін жоспарсыз айыппұлдар бар.

– Былтыр бар болғаны 4 млрд теңге. Бұл республикалық бюджетке түсетін үлкен қажеттілік емес. Ол ақшаны денсаулыққа, экологияға жұмсауына болады. Мұны қолдауларыңыз керек деп есептеймін», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары