×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Балаева «Қазақфильмге» неше млн бөлінгенін жасырып қалды

24.01.2024, 08:51
Фото: Ulysmedia.kz

Қазақфильм киностудиясы мен Ұлттық кино орталығына 2024 жылы қанша қаражат бөлінді? Бұл сұрақты Ulysmedia.kz тілшісі мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ресми сауал ретінде жолдаған. Министрліктен жартылай жауап келді.

“Қазақфильм өз табысы есебінен жұмыс істейді”

2024 жылы Қазақфильм киностудиясына мемлекеттен қанша қаражат бөлінді? Бұл сұраққа жауап берген министрлік Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жұмысын қамтамасыз ету республикалық бюджеттен ақша қаражатын бөлінбей, өз табыстары есебінен жүзеге асырылатынын хабарлайды. Бүгінгі күні киностудия фильмдердің өндірісі мен дистрибуциясынан, үй-жайларды, құралдарды, реквизиттерді жалға беруден кіріс алып отыр.

– Мемлекет тарапынан киностудияға «Қазақанимацияның» жұмысын жалғастыруға, мемлекеттік фильмдер қоры киноколлекциясының сақталып қалуын қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс аясында қаражат қарастырылған, – делінген жауапта бұл бағытта нақты қанша қаражат бөлінетіні көрсетілмеген.

Ұлттық кино орталығы жайлы не дейді?

Ал Ұлттық киноны қолдау орталығынан мемлекеттен қанша қаражат бөлінді деген сұраққа да министрліктің жауабы келді. Ведомство орталық үкімет қаулысымен 2019 жылы құрылғанын, ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі бірыңғай оператор саналатынын хабарлайды.

– 2024 жылға қызметкерлердің жалақысына, коммуналдық шығындарға және орталықты ұстауға, тағы басқа шығындарға мемлекет тарапынан орташа 300,0 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылған, – делінген жауапта.

Даудың басы

Жалпы кейінгі кезде елде киноға ел бюджетінен бөлінетін қаражат көлемі қызу талқыланып жатыр. Алдымен, бұл жайлы аудит есебінен мәлімет келтірген журналист Михаил Козачков жазған. Кейін мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын фильмдердің сапасына көңілі толмайтынын айтып, сауал жолдаған. Мәжілісмен отандық киноөндірісті қаржыландыру қаншалықты орынды деп сауал қойған. Айтуынша, бұл салаға қомақты бюджеттік қаражат жұмсалғанына қарамастан, оның тиімділігі әлі күнге көңіл көншітпейді.

Десе де депутаттың сөзімен келіспеген «Время патриотов» фильмінің продюсері Акбар Құрманбаев депутатқа «сөзіңе жауап бер» деп талап етті.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте мәдениет және ақпарат министрі болып Аида Балаева тағайындалған еді. Ал “Қазақфильм” киностудиясын былтырдан бері актер Азамат Сатыбалды басқарады.

Серіктес жаңалықтары