×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті

23.02.2024, 11:13
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,75%-ға дейін төмендетті
Фото: ашық дереккөз

Ұлттық банк базалық мөлшерлеме 14,75%-ға дейін төмендегенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады.

Қаңтарда жылдық инфляцияның төмендеу үрдісі жалғасын тапты. Инфляциялық күтулер үш ай қатарынан баяулап келеді. Ал айлық инфляция орташа жылдық мәндерден жоғары қалыптасуда. Сыртқы инфляциялық жағдай бейтарап күйде қалыптасып отыр. Бірқатар сауда-серіктес елде инфляция біршама қарқын алып, сыртқы инфляциялық қысым сәл күшейді. Әлемдік азық-түлік бағасында төмендеу үрдісі жалғасып, сыртқы инфляциялық жағдайға оң әсерін тигізіп отыр. Ішкі экономикада орнықты ішкі сұранысқа және тұрақтана қоймаған инфляциялық күтулерге байланысты инфляциялық қысым сақталып отыр, – деп мәлімдеді банк өкілдері.

Бүгінгі жағдайда ақша-кредит саясатын жұмсартуға мүмкіндік едәуір шектеулі. Инфляциялық факторларда қалыптасқан баланс, оның қазіргі (айлық) қарқынының динамикасы және фискалдық саясат параметрлеріндегі белгісіздік алдағы уақытта шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлеменің бүгін қалыптасқан деңгейінде сақталу ықтималдығын арттырып отыр. Бұл ретте деректерді жинау, сондай-ақ экономикалық және фискалдық реформалардың іске асырылуын мониторингтеу қажет.

Жылдық инфляция 2024 жылғы қаңтарда 9,5%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамына сәйкес келеді. Бағалардың жалпы өсіміндегі баяу үрдіс – жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатына, жаһандық инфляциялық қысымның және өндіріс шығасыларының төмендеуіне, логистикалық тауар жеткізу жолдарының біртіндеп қалпына келуіне, биліктің инфляцияға қарсы шараларына, сондай-ақ өткен жылғы жоғары база әсерінің ықпалына байланысты, – делінген хабарламада.

Ұлттық банк мәліметінше, айлық инфляция орташа жылдық мәндерден (0,6%) жоғары қалыптасып, 0,8% құрады. Тұтынушылық бағалардың өсуіндегі орнықты бөлікті сипаттайтын базалық инфляция және маусымдық факторлар ескерілмеген инфляция біраз қарқын алып, таргеттен жоғары деңгейде қалыптасып отыр.

Үш ай қатарынан баяулап, қаңтарда біршама төмендеген халықтың инфляциялық күтулері базалық мөлшерлеменің төмендеуіне себеп болды.

Бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25 пайыз деңгейіне түсірді.

Қаржы регуляторының хабарлауынша, жылдық инфляция 2023 жылдың соңына қарай бір таңбалы мәнге жеткен. Айлық инфляция желтоқсанда орташа жылдық мәндерден біршама жоғары болған. Сыртқы инфляциялық процестер азық-түліктің әлемдік бағасының төмендеуі мен орталық банктердің тежеу саясатына байланысты қолайлы қалыптасып отыр.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: 2024 жылы бізді қандай тосынсыйлар күтіп тұр - Ұлттық банк төрағасымен сұхбат