Қаржы министрі Мәди Тақиев Астана-2024 халықаралық форумына кететін (AIF) бюджет сомасын атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Бізде Астана экономикалық форумын өткізуге 1,4 млрд теңге көлемінде бюджет салынды. Бұл сома бұрын салынғаннан әлдеқайда аз. Мәселен, 2018 жылы – 2,4 млрд теңге, өткен жылы - 1,5 млрд теңге бөлінген еді, - деді Мәди Тақиев үкімет кулуарында.
Айта кетейік, биыл AIF 13-14 маусымда Астанада өтеді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен үкімет басшылары мен мүшелерінің, бизнес көшбасшыларының қатысатыны жоспарланған.
Еске сала кетейік, 2023 жылы Астана экономикалық форумы Астана Халықаралық форумы болып қайта құрылды.