×
$
455
€
498.77
₽
5.56
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
455
€
498.77
₽
5.56

Астанада самсахана даулы видеодан кейін жабылды

Бүгін, 14:47
Астанада самсахана даулы видеодан кейін жабылды
Видео кадры

Астанада күн сайын 300-ге жуық дүкенге самса жеткізіп келген Samsa food цехының жұмысы тоқтатылды. Бұған әлеуметтік желіде тараған видео себеп болған. Наубайханадағы санитариялық жағдайды көрген тұрғындар наразылық білдіріп, тиісті органдарға шағымданған. Осыдан кейін тексеру жүргізіліп, көптеген заңбұзушылық анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға самса дайындайтын цехтың ішінен түсірілген видео әлеуметтік желіге тарағаннан кейін көпшілікке белгілі болды. Бейнежазбаны алғашында кәсіпкер әйел өзі жариялаған. Кейін оны өзге қолданушылар да бөлісе бастаған.

Видеодан қызметкерлердің самсаны қолғапсыз дайындап жатқанын, ал азық-түліктің еденде тұрған беті ашық ыдыстарда сақталғанын көруге болады.

Бұл көрініс желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Әсіресе цехта дайындалған самсаның қанша дүкенге жеткізілетіні белгілі болған соң, жұрттың алаңдаушылығы күшейе түсті.

Кәсіпкер әйелдің айтуынша, цехта пісірілген самса күн сайын Астанадағы 300-ге жуық сауда орнына таратылып отырған.

Қандай заңбұзушылықтар анықталды?

Тұрғындар e-Өтініш порталы арқылы шағымданғаннан кейін санитариялық бақылау қызметі Samsa food цехына жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру барысында санитариялық талаптардың көптеп бұзылғаны анықталды. Сондай-ақ, кәсіпкердің тиісті органдарға жұмысын бастайтыны туралы міндетті хабарлама бермегені белгілі болды.

Бұдан бөлек, цех қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден өтпегені анықталған.

19 қарашада санитариялық бақылау қызметі заңбұзушылықтар жойылғанға дейін цехтың жұмысын тоқтатты. Ал медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлер уақытша жұмыстан шеттетілді.

Кәсіпкерге Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша айыппұл салынып, цехтағы жағдайды санитариялық талаптарға сәйкестендіру туралы нұсқама берілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, санитариялық талаптарды бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 600 мың теңгеден асуы мүмкін.

Түсірілім жанжалға ұласты

Цех жабылғанға дейін бұл жағдайға «Жетінші арна» журналистері де назар аударған.

Телеарна тілшілері оқиға туралы сюжет түсіріп жатқанда цех иесі түсірілім тобына жақындаған. БАҚ мәліметінше, әйел журналистің микрофонын тартып алып, камераны сындырамын деп қорқытқан.

Осыдан кейін екі тарап арасында жанжал туындап, оған қатысушылар полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Нәтижесінде кәсіпкер әйелге 86,5 мың теңге айыппұл салынды. Микрофонды қайтарып алуға тырысқан телеоператор да дәл осындай мөлшерде айыппұл төлейтін болды. Полиция оның әрекетін өзге адамның тыныштығын бұзу деп бағалаған.

Тексеру қорытындысы бойынша цехтың жұмысын бастау туралы міндетті хабарлама берілмегендіктен, кәсіпорын қызметіне тыйым салынды.

Енді кәсіпкер анықталған барлық санитариялық заңбұзушылықты жойып, қызметкерлерінің міндетті медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етуге тиіс.

Сізге қызық болуы мүмкін