×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

«400 мың теңгеден берілсін»: Құлсарылықтардың талабына Қаржы министрлігі қалай қарайды

17.05.2024, 17:05
kulsary_ze (инста)

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Мәжіліс кулуарында Құлсарыда болып жатқан наразылыққа байланысты журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құлсарылықтардың талабы жайлы

– Заң талаптарына сәйкес, Үкіметтің 13.58 деген қаулысы бар. Сол қаулыда “егер қандай да бір жарамды үйлер болса, тиісті бағалау жүргізіліп, сол бағалау құнының берілетіні” жазылған. Оның қандай да бір маскималды шегі жоқ. Максималды шек үй заттарына – тоңазытқыш, теледидар секілді тұрмыстық заттарға 150 АЭК көлеміне дейін беріледі. Одан аспауы керек, – дейді Дәурен Темірбеков.

Қаржы вице-министрінің айтуынша, үйге келген зақымның сомасы бағалауда көрсетілсе, сол ақшаны мемлекет төлеуге тиіс.

– 400 мың теңге деп қайдан шығып жатқанын мен сіздерге айта алмаймын. 200 мың дегенді естігенмін, – дейді ол.

Осы кезде журналистер оның есіне Мәжіліс депутаты Жұбановтың “Атырау өңіріндегі тұрғын үйдің шаршы метрінің ағымдағы құнына сай берілуі қажет деп, Атырау облысында жаңа тұрғын үйдің нарықтағы бағасы 1 шаршы метр үшін 350 000-400 000 теңге” деп айтқанын есіне салған. Қаржы вице-министр бұл депутаттық сауалмен таныс емес екенін айтты.

– Көп үйлер жөндеуге келмейді. Мысалы, Қазақстан халқы қоры бес облыста 650 үй салады. Қазіргі таңда бүкіл әкімдіктермен тиісті меморандумдарға қол қойды. Одан басқа үй жөндеуге кететін шығынды да мемлекет толық көлемде өтеуі тиіс. Атырау облысынан Қаржы министрлігіне әзірше өтінім түспеді. Егер осындай қажетті болса (...), біз міндетті бұл мәселені шешіміз, – дейді ол.

“Қаржы бөлуге дайынсыздар ма?” деген сұраққа вице-министр “дайынбыз” деп жауап берді.

Жалпы шығын қанша

– Су тасқынынан келетін шығын әлі саналып жатыр. Өйткені Атырауда әлі су кеткен жоқ. Болжаммен де қазір айту қиын, – дейді ол.

Қаржы вице-министрі 24 мыңнан астам отбасыға бір реттік көмек берілгенін айтады. Жалпы су тасқынының ел бюджетіне қаншалықты салмақ салатыны сұралғанда “Үкімет резерві оған жететінін” айтады.

Құлсарыдағы наразылық

Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше күн бұрын наразылыққа шыққан. Ондағы халық әлі тараған жоқ.

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.   

Серіктес жаңалықтары