«Самұрық-Қазынаны» кім және қалай өзгерте алады? Басшыны ауыстыру жеткілікті ме, әлде тұтас жүйені қайта құру керек пе?
Терезеден лақтырылған долларлар туралы видео қоғамның ашуын туғызды. Бірақ бұл оқиғаны талқылаумен ғана шектелуге болмайды. Ұлттық компаниялар қалай басқарылып жатыр? Халықтың байлығы кімнің мүддесіне жұмыс істеуі керек? Осындай жағдайлар қайталанбауы үшін қандай шешімдер қажет?
Ulysmedia алаңында Самал Ибраева қаржыгер, кәсіпкер Арман Батаевпен және нарық сарапшысы, қаржыгер Бауыржан Мұқановпен «Самұрық-Қазынаның» болашағын, ҚТЖ-ның қаржылық жағдайын, мемлекеттік активтерді басқару мен экономиканы ырықтандыру мәселелерін талқылады.
«Самұрық-Қазынаның» келесі басшысы оның соңғы басшысы болуы керек». Арман Батаев бұл пікірінің астарында не жатқанын түсіндіреді. Оның ұстанымынша, басшылықты ауыстырумен шектелмей, қордың жұмыс істеу үлгісін өзгерту, бәсекелі салалардағы компанияларды нарыққа шығару және корпоративтік басқаруды күшейту қажет.
Бауыржан Мұқанов қорды ықшамдап, тиімді холдинг ретінде қалдыру мүмкіндігін қарастырады. Сарапшы басқарудың көпсатылы құрылымы, артық шығындар мен кадр іріктеу мәселелерін көтеріп, ұлттық компаниялардың нәтижесін нақты экономикалық көрсеткіштермен бағалауды ұсынады.
Подкастта көтерілген негізгі сұрақтар:
Әңгімеде сарапшылардың көзқарастары тоғысып қана қоймай, қайшы да келеді. Арман Батаев халықаралық сенімнің әлсіреуі қаржыландыруды қымбаттатуы мүмкін екенін айтса, Бауыржан Мұқанов қаржылық шектеулер компанияларды шығындарын қысқартып, тиімді жұмыс істеуге мәжбүрлей алады деп есептейді.
Талқылаудың өзегі — заң үстемдігі, ашық есептілік және басқарушылардың нақты жауапкершілігі. Ұлттық компанияны басқаруға келген адам кімге жақын екенімен емес, елге қандай нәтиже әкелгенімен бағалануы керек.
Қазақстанның инвестиция тартуға, өндірісті дамытуға және шикізатты ел ішінде өңдеуге мүмкіндігі бар. Осы мүмкіндікті іске асыру үшін ұлттық байлықты ұқыпты басқаратын, қоғамдық сенімді бағалайтын жүйе қажет.
Бұл әңгіме хайп үшін емес. Бізге осы елде өмір сүріп, еңбек етіп, балаларымыздың болашағын құру керек. Сондықтан мәселені ашық айтып, шешімін бірге іздеу маңызды.
Подкастың толық нұсқасын Ulysmedia YouTube-арнасынан көріңіздер.