Қазақстан биыл Германияға бір миллион тоннадан астам мұнай жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҚазМұнайГаз ұлттық компания былтыр Қарашығанақ кен орнынан алынған мұнай алғаш рет Германияға "ҚазТрансОйл" және "Транснефть" көлік жүйелері бойынша 1 млн тонна көлемінде жеткізілгенін мәлімдеді.
Биыл Германияға 1 млн тоннадан астам мұнай жіберу көзделген.
– 2024 жылдың 5 айында тасымалдың нақты көлемі шамамен 500 мың тоннаны құрады. Болжам 2024 жылдың соңына дейін 1 млн тоннадан астам көлемде болады деп күтіледі, — делінген хабарламада.
Karachaganak Petroleum Operating B. V. (КПО) — әлемдегі ең ірі газ конденсатты кен орындарының бірінің операторы. Қарашығанақ кен орны 1979 жылы ашылған. Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан.