×
524.65
552.19
5.14
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.65
552.19
5.14

Долларды сатып алып қояйық па, не істейік – Сүлейменовтің жауабы

29.11.2024, 12:08
Долларды сатып алып қояйық па, не істейік – Сүлейменовтің жауабы
Ulysmedia коллажы

Ұлттық банк төрағасы "доллардың артынан жүгірудің қажеті жоқ" деп есептейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ЖАҒДАЙҒА САЛҚЫН ҚАРАСАҚ...

Астанада баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан Тимур Сүлейменовке журналистер сұрақ қойды. Дәл қазір не істейік? Долларды сатып алып қояйық па, әлде қарақұмықты көбірек алып қойғанымыз абзал ма? 

– Экономиканы жазатын журналистер мен қаржыгерлер экономика мен қаржы жүйесін қарапайым қазақстандықтарға қарағанда жақсы түсінетінін білемін. Тағы да айтайын: жазда доллар бағамы 480 теңге еді. Бағам содан бері ары кеткенде 2,5-3 пайызға ғана өзгерді. Бұл «гречканы» көптеп сатып алуға себеп бола ала ма? Жоқ, әлбетте. Бізде не болды? Біз психологиялық шектен аттап өттік. Иә, келісем. Психологиялық тұрғыдан әлбетте, қысым болды. Соған қарамастан, жағдайға салқын қарасақ, белгілі бір тауарлардың бағасы 2,3 пайызға өссе, ол соншалықты әсер бере ме? Қатардағы қазақстандық – Өскеменде, Жамбылда, Атырауда тұрса, ол күнде долларды сатып алып жатқан жоқ. Ол нан, сүт, жол ақысы билетін сатып алады. Күн де доллар іздеп жүрген жоқ. Сондықтан, теңге құнының төмендеуі, доллардың 2-3 пайызға қымбаттауы үлкен дүрбелең туғызбауы тиіс, – дейді ол.

ТРАМПҚА ЫҚПАЛ ЕТЕ АЛМАЙМЫЗ

Сүлейменов қаржы реттеушісінің нақты әрекеттері жайлы айтып, долларды жинақ құралы ретінде пайдаланылмауы керектігін айтады. Себебі теңгеден көбірек пайда түседі дейді.

– Қазір біз базалық мөлшерлемені көтеріп қойдық. Ізінше, депозиттерден көбірек ақша түсе бастайды. Демек, қарапайым қазақстандықтар үшін депозиттен түсім артады. Ол да өседі. Сондықтан, мен шұғыл әрекеттерге барудың қажеті жоқ дер едім. Депозиттер нарығы бар. Халықтың ІРО-сы бар. Мүліктерге ақша салуға болады. Көбі солай етеді. Демек, Қазақстанда бар құралдар бізге барынша түсінікті әрі бақылауымызда. Доллардан қарағанда! Трамп басқа да бір экономикалық шараларды қабылдайтын шығар. Доллар бағамы құлап түссе ше? Біз оған ықпал ете алмаймыз. Біздің елдегі жағдайды барынша бақылап отырмыз. Сол себепті мен теңге құралдарына, бизнес-жобаларға, мүлікке, құрылысқа ақша салуға кеңес беремін. Доллардың артынан жүгірудің қажеті жоқ, – дейді Сүлейменов.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.