×
523.17
550.06
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.17
550.06
4.93

Желтоқсанда теңгенің күні не болады – сарапшылар пайымын айтты

03.12.2024, 10:15
Желтоқсанда теңгенің күні не болады – сарапшылар пайымын айтты
Ulysmedia коллажыс

Желтоқсан айында Ұлттық банк 800-900 миллион доллар сатқалы отыр. Бұл валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шаралар ретінде қажет болуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Осы апта ұлттық валюта бағамының тағы әлсіреуімен басталды: бір доллар дүйсенбіде 524,79 теңгеге (+12,27 теңге) дейін қымбаттады.

– Ұлттық банк 2,4 млрд доллар шетел валютасын сатқанына, ал квазимемлекеттік экспортшылар конвертация жасағанына қарамастан қараша айында ұлттық валюта 5% әлсіреді. Желтоқсан айында Ұлттық банк тек 800-900 млн доллар сатпақшы, алайда валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шаралар талап етілуі мүмкін, – деп жазады ҚҚҚ сарапшылары. 

Бұған дейін ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров доллардың 500 теңгеге дейін өсетіні болжанғанын айтқан болатын.

– Валюта бағамы, түсінікті. Бізде нарықтық баға бар. Біз қазір бір доллар үшін орташа жылдық болжам 460 теңге болды. Біз қазір осы дәлізде тұрмыз. Яғни, бір күндік бағам – 470 теңге, содан кейін – 490 теңге, 500 теңгеге дейін жетті, қазір кері төмендеп жатыр, - деді Байбазаров.

ДОЛЛАРДЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ

28 қарашадағы Қазақстанның айырбастау пункттерінде валюталардың орташа өлшенген бағамы белгілі болды. Доллар 525 теңгеге сатыла бастады. 18 қарашада Қазақстанның айырбастаушыларындағы доллар бағасы 500 теңгеден, ал 26 қарашада 503 теңгеден асқан еді.

Ұлттық банк осыған байланысты интервенция жүргізді.

Артынша Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 15,25% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.