Қазақстанда 2022 жылдан бастап шетелдік интернет-компаниялар «Google-ға салық» деп аталатын салықты төлеп келеді. Осы ретте мемлекеттік кірістер комитеті цифрлық салықтан түскен соманың мөлшері 69,1 млрд теңге болғанын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.
2024 ЖЫЛЫ САЛЫҚТАН ҚАНША АҚША ТҮСТІ
«Google-ға салықтан» 2024 жылы қанша сома түскені жөнінде нақты сандар әлі жоқ. Бірақ тоғыз айдың қорытындысы бар. Оған сәйкес, бюджетке 26,4 млрд теңге түскен. Бірінші тоқсанда 8,1 млрд теңге, екіншісі тоқсанда 8,4 млрд теңге, үшінші тоқсанда 9,9 млрд теңге аударылған.
ТОП-10
Ulysmedia.kz порталы шетелдік интернет-компаниялардың ондығы қандай болғанын мына коллаждар арқылы ұсынады.
САЛЫҚ ЖАЙЛЫ
Еске сала кетейік, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап шетелдік интернет-компанияларға міндеттемелерді жүктейтін салық кодексінің нормалары күшіне енген еді. Олар үшін қосымша құн салығының мөлшерлемесі 12% құрайды. 2022 жылы осы жүйеде жұмыс істеген 44 компания болса, 2023 жылы оған 23 компания қосылды. Қазір олардың саны – 98.