×
502.47
525.83
5.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
502.47
525.83
5.68

$28 млрд, $23 млрд, биыл одан төмен: Қазақстан инвестициялық әбжілдігін жоғалта бастады ма

18.02.2025, 18:04
$28 млрд, $23 млрд, биыл одан төмен: Қазақстан инвестициялық әбжілдігін жоғалта бастады ма
Ulysmedia коллажы

Кейінгі жылдары Қазақстанға шетелден тартылған инвестициялар көлемі азайып барады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сенат кулуарында елге келіп жатқан инвестицияның мөлшері жайлы Ulysmedia.kz сыртқы істер министрлігінің инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловқа сұрақ қойған. Оның айтуынша, инвестиция тарту – өте күрделі мәселе. Өйткені қазір мемлекеттердің бәрі де инвестиция тарту бәсекесіне түсіп кеткен. Олар инвесторларды өзіне тартуға жағдай жасаудың сән түрлі амалдарын қарастырып бағады.

Инвестиция – бюджеттен басқа елге келген қаражат, екіншіден технология, үшіншіден сол жердегі кадрларды үйретеді. Болашақта салған ғимараттар, зауыт, фабрикалар сол өңірде қалып, жұмыс орындары пайда болады. Ұзақ мерзімде мультипликативті әсерін тигізеді. Осы тұрғыдан алғанда инвесторлар бізге ауадай қажет, – дейді ол.

ЕЛГЕ ҚАНША ИНВЕСТИЦИЯ КЕЛДІ

Оспанқұловтың сөзінше, Қазақстанға 2022 жылы ең ірі көлемде инвестиция тартылған. Оның мөлшері сол тұста 28 млрд АҚШ доллары болған. Талдау жасалған кезде 2022 жылғы осы жетістік 2012 жылы қайталанған жағдай болған. Бірақ 2023 жылдың қорытындысы бойынша 23,4 млрд АҚШ доллары инвестиция елге келген. Бұл мәліметтердің бәрін Ұлттық банк есептейді. 2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, елге 12,7 млрд АҚШ доллары елге тартылғанын көрсеткен. “Жалпы төмендеу күтілуде” деген Оспанқұлов мынадай сандарды да келтіреді. 

Ұлттық банктің инвестицияларды есептеудің екі түрлі әдістемесі бар. Одан бөлек БҰҰ-ның ЭСКАТО бастаған екі ұйымы бар. Солардың пайымдауынша, Қазақстанның Орталық Азиядағы инвестиция тарту көлемі 2023 жылдың қорытындысында 40 пайызға жеткен. Кеше ЭСКАТО 2024 жылдың қорытындысы бойынша біздің тартқан инвестициямыз Солтүстік Кавказ бен Орталық Азия мемлекеттерінің арасында 60 пайызға жетті. Сондықтан, олар инвестиция өсіп жатыр. Ал ҰБ нақты қаражаттың құйылғанын есептейді, – дейді ол.

Ғабидолла Оспанқұлов қолда бар портфельде 400-ден астам шетелдік инвестиция бар. Оның құны – 130 млрд АҚШ долларына жететін келісімшарттар бар. Бірақ ол дәл осы жылы құйылатын қаражат емес. Ол ұзақ мерзімді жобалар болуы мүмкін.