×
507.07
572.53
6.37
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
507.07
572.53
6.37

Ақылы жолдардан Қазақстан бюджетіне қанша ақша түсіп жатыр

Бүгін, 11:07
Ақылы жолдардан Қазақстан бюджетіне қанша ақша түсіп жатыр
Kapital.kz

Қазақстанда ақылы жолдардан 2024 жылы қанша қаржы түскенін сенатта көлік министрі Марат Қарабаев айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Марат Қарабаев сенаттағы үкімет сағатында сөйлеген сөзінде еліміздегі ақылы жолдар жүйесінің қазіргі жағдайы мен қаржылық тиімділігіне тоқталды. Министрдің айтуынша, Қазақстанда ұзындығы 3,2 мың шақырымды құрайтын 17 ақылы жол учаскесі бар.

2023 жылы бұл жолдардан 48 миллиард теңге көлемінде кіріс түскен. Ал 2025 жылы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ақылы жолдардан 100 миллиард теңгеге дейін табыс түсіреді деп болжанып отыр.

Биыл жөндеу жұмыстары аяқталған сайын ұзындығы 6,2 мың шақырым болатын тағы 29 жол учаскесіне ақы енгізу жоспарда бар. Осы учаскелерден жиналатын төлем мөлшері 100 миллиард теңгеден асады деп күтіледі. Болашақта бұл қаржы жолдарды күтіп ұстауға, арнайы техника сатып алуға, сондай-ақ алынған несиелердің пайыздық мөлшерлемесін өтеуге жұмсалады, – деді Марат Қарабаев.

Айта кетейік, бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан ақылы жолдарды уақытша тегін ету жоспары жарияланған болатын. Ал 14 мамырда көлік министрлігі жаңа бұйрық шығарып, елімізде тағы бір ақылы жол учаскесінің енгізілетінін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары