Сенат кулуарында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин 2026 жылы үкіметтің жаңа салық кодексіне түзетулер енгізу үшін Парламентке қайта орала ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер Серік Жұманғариннен 2026 жылы күшіне енетін салық кодексіне алғашқы тоқсанның соңына дейін-ақ өзгерістер енгізу қажет болады деген сарапшылар пікірін түсіндіруді сұрады.
«Біріншіден, салық кодексі – тұрақты құжат емес. Қабылдау процесі аяқталысымен, жұмыс тобы бірден жұмысын бастайды. Салықтар – ең алдымен нақты секторды сүйемелдейтін құрал. Әрине, қайта оралуымыз мүмкін. Біз салықтық әкімшілендіруге қатысты бірқатар жүйелі түзетулерді өткізе алмадық», – деді Жұманғарин.
Бұған дейін мәжіліс депутаттары жаңа салық кодексін және салық салуға қатысты ілеспе өзгерістерді екінші оқылымда қабылдаған болатын.
ҚҚС реформасы аясында:
– бастапқыда үкімет ұсынған 20% мөлшерлеме 16%-ға дейін төмендетілді;
– ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 15 миллион теңгеден 40 миллион теңгеге дейін көтерілді;
– дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізіледі (2026 жылдан бастап – 5%, 2027 жылдан бастап – 10%).
23 маусымда сенат депутаттары кодекс жобасын мәжіліске қайтарды.