Қаржы жайлы толығырақ төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин айтып берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Тараздаға жарылыстар кезінде қаза болған құтқарушылардың отбасылары 20 млн теңгеден алады. Бұл туралы «Хабар 24»-ке берген сұхбатында ТЖМ басшысы Юрий Ильин айтты.
Ведомство басшысының мәліметінше, қаражат жергілікті бюджет есебінен аударылады.
«Үкімет қаза тапқан адамның әр отбасына 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылдады, оның 5 миллион теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінеді. Біз бір күндік жалақыны жинадық. Яғни, өз еркімен аударғысы келген қызметкерлер шотқа ақша аударды. Осылайша, ҚР ТЖМ есебінен шотқа 5 миллион теңгеден өз еркімізбен аудардық. Оған қоса, ем-домды қажет ететін адамдар да бар», - деп түсіндірді министр.
Бұған қоса Ильин қаза болған адамдардың отбасына мұрагерлік құқығының заңдылығы анықталған жағдайда 60 айлық ақшалай үлес төленетінін жеткізді.
26 тамызда Жамбыл облысында әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасы өртеніп, бірнеше жарылыс болған еді. Салдарынан бірнеше адам мерт болды.