×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Назарбаев кеңсесін ұстауға қанша қаржы бөлінгені айтылды

02.03.2023, 17:54
ukraina.ru

Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұстауға 2023 жылы бюджеттен 1,5 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Нақтыланған бюджет шеңберінде ҚР бірінші президентіне бөлінетін соманы 130 млн теңгеге азайтамыз. Қалған сома 1-1.5 млрд теңге көлемінде болады. Бұл сомадан 130 млн теңге алынып тасталады", - деді Темірбеков Сенат кулуарында.

Бұдан бұрын Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Назарбаев кеңсесінің бюджетін біртіндеп қысқартатындарын мәлімдеген.

Еске салсақ, 15 ақпанда Тоқаев Назарбаевты ерекше мәртебесінен айырды. Экс-президентке айрықша мүмкіндіктер беріп келген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» заңның күші жойылды. 

 

Серіктес жаңалықтары