×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бюджет қаржысын тиімсіз игерген 100-ден астам шенеунік жазаланды

16.05.2023, 16:39
фото: ашық дереккөзден

Былтыр бюджеттің 421 млрд теңгесі тиімсіз игерілген. Бұл туралы Мәжілісте есеп берген Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«2022 жылы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану сомасы 421 млрд теңге немесе жалпы шығыстар көлемінің 2,3 пайызы болды. Бюджет қаражатын тиімді және толық игеруде әкімшілердің жауапкершілігін арттыру үшін шаралар қабылданды. Бұл тұрғыда орталық және жергілікті атқарушы органдарға қатысты. Былтырдың қорытындысы бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардан 113 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 82 адам басшылық қызметте жүргендер», - деді Е. Жамаубаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Үкімет отырысында Қаржы министрі бюджетті игермеген министрліктер мен әкімдіктерді атаған.

Серіктес жаңалықтары