×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қазақстанның жаңа картасын әзірлеуге 56 млн теңге жұмсалған

19.05.2023, 16:18
Коллаж: Ulysmedia.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі геодезия және картография комитетінің төрағасы Қажымұқан Бекмұқашев еліміздің жаңа саяси-әкімшілік картасын әзірлеуге қанша қаржы жұмсалғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстанның 6 облысының әкімшілік картасын және облыс орталықтарының жоспар-сызбасын әзірлеуге 56 млн теңге жұмсалды. Егер Қазақстан картасын (жаңа саяси-әкімшілік картасы) жеке алар болсақ, онда оған 10 млн теңге қажет болды. Толықтай алғанда, республикалық бюджеттен 56 млн теңге шығындалды», - деді комитет төрағасы брифингте.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов елімізде жаңа үш облыс пайда болғанын еске салып,  картаны құрастыру кезінде нақтылық өте маңызды болғанын жеткізді.

«Үлкен жұмыс атқарылды, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы жасалды. Шығыс Қазақстан, Алматы және Қарағанды облыстарының карталары жаңартылды, Абай, Ұлтау және Жетісу облыстарының карталары жасалды», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары