×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Меже – 100 млрд доллар: үкімет Ұлттық қор қаржысын қалай ұлғайтпақ

07.06.2023, 10:26
Коллаж: Ulysmedia.kz

Үкімет Ұлттық қордағы қаржыны 2030 жылға қарай 100 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясатын жалғастыру мақсатында республикалық бюджетке берілетін трансферттер қаражатын біртіндеп азайту қарастырылған. Бұл Мемлекет басшысының Ұлттық қордың қаражатын 2030 жылға қарай 100 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді», – деді Е. Жамаубаев.

Айта кетейік, биылғы жылдың алғашқы үш айында Ұлттық қордан 984 млрд теңгеден астам қаржы алынған. 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Ұлттық қорда 29,3 трлн теңге қаражат бар.

Серіктес жаңалықтары