×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астана әкімдігі құрылыс компаниясына алданған тұрғындарға митинг өткізуге рұқсат бермеді

15.03.2024, 18:53
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астанадағы MAX BET PV 2 құрылыс компаниясына ақша салып, не баспанасын ала алмай, не ақшасын қайтара алмаған азаматтар бұған дейін митинг өткізу жөнінде әкімдікке өтініш жолдаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үлескерлер “Үкімет назар аударса” дейді

Наразы тұрғындар Астана қаласы әкімдігіне 20 наурызда сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін Пушкин көшесі мен Құдайбердіұлы даңғылының қиылысындағы саябақта бейбіт жиналыс өткізу жөнінде өтініш берген. Үлескерлер сол арқылы  Үкіметтің назарын Қорғалжын тас жолы №40 учаске (жобалық атауы) мекенжайында орналасқан «Royal House» тұрғын үй кешені құрылысын аяқтау проблемасына назар аудартқысы келген. Шамамен 100 адам жиналатынын хабарлаған.

– Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңға сәйкес, егер мұндай іс-шараларды өткізудің болжамды уақытында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мамандандырылған орындарда басқа да ресми, мәдени, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, дене шынықтыру және спорт шараларын, жергілікті-сауықтыру, спорттық және өзге де іс-шаралар өткізу жоспарланса, жергілікті атқарушы орган бейбіт жиналыстарды өткізуден бас тартады. Келтірілген жағдайды ескеріп, заң сәйкес бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту туралы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы шығарылды, – деп хабарлады Ulysmedia.kz редакциясына әкімдіктен.

Салымшылар құрғақ уәде естіп қайтады

Астана қаласының бір топ тұрғыны Ulysmedia.kz порталына хабарласып, «үй салып беремін» деп ақшасын жинап алған кәсіпкерге алданып қалғанын айтқан болатын. Олар ақша салған, 2023 жылы пайдалануға берілуі тиіс үйдің іргетасынан басқа құрылыс жұмыстары мүлде жүргізілмеген. Компанияның кеңсесіне барған сайын салымшылар құрғақ уәде естіп қайтады.

Тұрғындар MAX BET PV 2 құрылыс компаниясы баспана салып беремін деп, уәдесін орындамағанына, сонымен қатар салған ақшаны қайтармағанына наразы. Үлескерлер бұған дейін полицияға да жүгінген. Алайда салымшылар «істі тергеуге алған тергеуші де қазір өзіміз хабарласпасақ, ақпарат бермейді, тіпті кейде телефон тұтқасын көтермейді» дейді.

Серіктес жаңалықтары