ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша 48 азаматты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін 48 азаматты іздестіруде. Олардың 41-нің Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жасырынып жүргені анықталды. Олар – М.К. Аблязов, А.В. Павлов, Н.Г. Сәрсенов, И.В. Храпунов, Б.М. Джардемали, В.В. Храпунов, Л.К. Храпунова, Б.С. Рысқалиев, А.С. Рысқали, Б.М. Жанкеев, А.К. Ильясов, К.Т. Сұлтанбеков және басқалар», - деп жауап берді ulysmedia.kz порталының ресми сауалына агенттік.
Агенттіктің жауабы бойынша, 2016 жылдан бері агенттік шет елде жасырынып жүрген 17 адамды ҚР Бас прокуратураның көмегімен Қазақстан Республикасына экстрадициялаған. Олардың қатарында Ресейден Р.Ш. Буранов, О.Г. Снимщикова, Е.А. Бексултанов, Г.М. Махмутов, Е.Е. Исаев, Р.П. Киреев, Шалкар, Б.Б. Ибраев, Ж.Ж. Ертаев, А.А. Садықов, Доминикан Республикасынан М.В. Орумбаева, Түркиядан Ж.Д. Жаримбетов, Венгриядан Е.Т. Қадесов, Өзбекстан Республикасынан А.Г. Трофимов, Украинадан А.Б. Құсаинов, Грузиядан – А.С. Рамазанов, БАӘ-ден Р.Ш. Ибрагимов) елге қайтарылған.
«Агенттік тарапынан шет елдерде жасырынып жүрген азаматтарды ұстау үшін шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен және Интерпол ҰОБ-мен тұрақты жұмыс жүргізілуде. Сонымен қатар, шет елдерде жасырынып жүрген азаматтардың елге оралып қылмыстық қудалау органына өз еріктерімен келуі үшін олардың туған-туыстарымен сенімділік әңгімелері жүргізіліп жатыр. Осындай сенімділік әңгімелерін жүргізу барысында 2018 жылдан бастап 18 азамат қылмыстық қудалау органына өз еріктерімен берілді», - делінген жауапта.