×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қайтарылған активтер: Сақ дәуірінен қалған тарихи мұра Ұлттық музейге табысталады

16.09.2024, 17:54
Қайтарылған активтер: Сақ дәуірінен қалған тарихи мұра Ұлттық музейге табысталады
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бас прокуратураның активтерді қайтару жөнінде комитеті бұған дейін 10 млн долларды қайдан алғанын түсіндіре алмаған азаматтардың сол ақшасы, мүліктері мемлекет кірісіне айналғанын хабарлаған еді. Ол азаматтың байлығының ішінде Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрағаттар да бар болып шыққан. Енді осы мұраларды мемлекет Ұлттық музейге өткізгелі отыр. Бұл жайлы Қазақстанның Қаржы министрлігінің Ulysmedia.kz порталына берген ресми жауабында жазылған.

ҚАЙТАРЫЛҒАН АРТЕФАКТІЛЕР

– Басқарушы компания («Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС) Қазақстанның Ұлттық музейімен бірлесіп, өз балансындағы зергерлік бұйымдарды сәйкестендіру және сараптау бойынша жұмыс жүргізді. ҚР Ұлттық музейі жүргізген сараптама нәтижелері бойынша бірқатар заттар ерте темір ғасыры мен орта ғасырларға жататын құнды артефактілер болып табылатыны анықталды. Олар біздің еліміздің тарихи мұрасының маңызды дәлелі. Тиісті шешім қабылданғаннан кейін бұл артефактілер әрі қарай ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды көпшілікке танымал ету үшін Ұлттық музейдің тұрақты коллекциясына берілуі мүмкін, – делінген ресми жауапта.

ӘҢГІМЕ НЕ ЖАЙЛЫ

Бас прокуратураның активтерді қайтару жөнінде комитеті бұған дейін 10 млн АҚШ долларынан астам сомаға активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы талап арыз берген еді. Сот талқылауы барысында жауапкерлер өздеріне тиесілі активтерді иемдену көздерінің заңдылығын дәлелдей алмаған. Бірінші сатыдағы сот Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің талаптарын толық қанағаттандырды, сот алқасының қаулысымен жауапкерлердің апелляциялық шағымдары қанағаттандырусыз қалған. Cот шешімін орындау шеңберінде қолма-қол ақша, қымбат зергерлік бұйымдар, сарапшылардың пікірінше түбірі Сақ дәуірінен басталатын тарихи-мәдени мұрағаттары мемлекет кірісіне айналдырылды.

Қазақстанның Қаржы министрлігі байлығын қайдан жиғанын түсіндіре алмайтындардың тізімін жүргізбейді.