×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

«A+...» Түркістанда саммит өткізу үшін әкімдіктен 346 млн теңге тендер алды

24.12.2021, 17:01
Коллаж: ulysmedia.kz

Биыл наурызда өткен Түркі кеңесінің бейресми саммитіне 346 млн 100 мың теңге бөлінген. Жиынға президент Қасым-Жомарт Кемелұлы мен Нұрсұлтан Назарбаев, өзге жеті елдің президенттері қатысқан болатын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

500 МЛН ТЕҢГЕНІҢ КЕЛІСІМ-ШАРТЫ

Мемлекеттік сатып алу сайтында, Түркістан қаласы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «A+A Idea Fabric» ЖШС-мен 2021 жылдың 16 ақпан күні 500 млн теңге көлемінде келісім-шарт жасасқан. Алайда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты саммит онлайн форматқа ауыстырылған. Тапсырыс беруші бір көзден сатып алу әдісіне жүгінген.

Осылайша қос тараптың өзара келісімімен негізгі шартқа өзгеріс енгізіліп, 346 млн 100 мың теңгеге шарт қайта құрылған.

Өкінішке қарай, порталда тендердің техникалық сипаттамасы салынбаған. Сондықтан бюджет есебінен бөлінген қомақты қаржының жұмсалуын есебін білу мүмкін болмады. Тек қысқаша түсіндірмесінде

«Түркістан қаласында өтетін Түркі кеңесінің VIII самитіне техникалық қолдау, баннер, тақырыптық және графикалық дизайн, концерттік бағдарламаны қамтамасыз ету қызметтері» үшін деп көрсетілген.

АЙНҰР КӨПБАСАРОВАНЫҢ А+А IDEA FABRIC ЖШС-НА ҚАТЫСЫ

Orda.kz сайтында атап көрсетілгендей Statsnet мәліметіне сүйенсек, A + A Idea Fabric компаниясының директоры 2009 жылы Алматы қалалық мәдениет басқармасының басшысы болған Қуаныш Орынбасаров. Компания 2018 жылы құрылған. Сонымен бірге кей дерекөздерде және Түркістан қаласы әкімдігінің сайтында Түркістан музыкалық драма театрының директоры Айнұр Көпбасарова осы A + A Idea Fabric компаниясының басшысы ретінде көрсетілген. 2015 жылы Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы Айнұр Көпбасарованы «A+1 Production Center» ЖШС құрылтайшысы ретінде көрсеткен.

Фото: Айнұр Көпбасарова

Оқи отырыңыз: Hermes, Fendi, Louis vuitton: Театр директорының 2-3 млн теңгелік сөмкелері

Жалпы A + A Idea Fabric ЖШС Түркістан облысы әкімдігіне қарасты басқармалар мен орталықтардан жиі мемлекеттік тапсырыс алады. Мәселен, Түркістан облысының 3 жылдығына орай өткізілген «Turkistan Jazz Festival» іс-шарасын ұйымдастыруға Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы арқылы бүтіндей 80 млн теңге алған.

ІШКІ АУДИТ ТЕКСЕРУІ ТИІС

Бұл ретте мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру маманы  Думан Наурызбаевтың айтуынша, тапсырыс беруші 04.12.2015 жылғы No 434-V ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 39 бабы 3 тармағының 4), 9), 31), 32) и 35) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды іске асыратын болса, Заңның 5 бабының 8 тармағына сәйкес тиісті ақпаратты мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарына енгізбеуі тиіс.

«Ал ендігі порталда орналасқан, типті емес (сканерленген) шартқа көз жүгіртетін болсақ, шарттың ажырамас бөлігі болып саналатын құжаттарды байқаймыз, олар: осы шарт, көрсетілетін қызметтің шарттары (қосымша 1), техникалық ерекшелік (қосымша 2). Өкінішке орай, порталға тек қана негізгі шарт жүктелгендіктен, шарт сомасына нақты қандай шаралар атқарылғанын және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттары қаншалықты сақталғанын анықтау қиынға түседі. Айтпағым, мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсалғанын анықтау мүмкін емес. Бұл сауалды жергілікті мемлекеттік ішкі аудит департаментіне жолдаған дұрыс болар», – дейді Думан Наурызбаев.

Келесі материалымызда Түркістан облыстық музыкалық драма театрының бюджет есебінен алатын өзге де қызықты тапсырыстарын жария ететін боламыз. Көз жазып қалмаңыздар!

Бұған дейін Түркістан музыкалық драма театры «Бөрте» спектаклінің өткізу-ұйымдастыру шараларына 246 млн 750 мың теңге жұмсалғандығын хабарлаған болатынбыз. Алайда театр директоры Айнұр Көпбасарова Көпбасарова Ulysmedia.kz тілшісіне 246 млн теңгенің есебін ашып айта алмаған еді.

Серіктес жаңалықтары