×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Назарбаева елге келетін инвестицияның азайып кеткеніне алаңдаушылық білдірді

08.09.2021, 10:44
Дариға Назарбаева

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева инвестициялық саясатқа байланысты премьер-министрге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Депутат атап өткендей, отандық экономиканың түйінді салаларына инвесторлар тарту елдің табысты дамуының негізі Пандемия және оның салдарынан туындаған жаһандық экономикалық рецессия аясында мемлекеттер арасында инвестициялар тарту үшін бәсекелестік артып келеді. Елдің инвестициялық климаты шешуші рөл атқарады.

«Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін 2017 жылы 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық инвестициялық стратегия әзірленді. Тұтастай алғанда мемлекет инвестициялық ахуалды жетілдіру жөнінде бірқатар кешенді шаралар қабылдап жатыр. Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 2020 жылы еліміздің экономикасына тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 30 пайызға төмендеген. Инвестициялық ахуалды жақсарту мәселелері өзекті болып қала береді», - деді ол.

Осыған байланысты депутат Үкіметке келесі сұрақтарды жолдады.

«Стратегияны іске асырудың ағымдағы мәртебесі қандай? 2018-2020 жылдардың нәтижелері бойынша негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізілді ме? Стратегия жаңа инвестициялар тарту үшін ең тиімді болып табылатын «перспективалы салаларды» анықтайды, атап айтқанда АКТ, туризм және қаржы. Елдің осы салалардағы бәсекелестік позициялары күшейтілді ме? Стратегияны іске асыру жылдарында қандай негізгі инвестициялық жобаларға  бастамашылық етілді? Осы есепті жылдары елдегі қазіргі инвесторларды ұстап қалу және қайта инвестициялауды ынталандыру үшін қандай нақты шаралар қабылданды?» - деп сұрақ қойды Дариға Назарбаева.

 

Серіктес жаңалықтары