×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қаңтар қасіреті: Әйгерім аштықты неге тоқтатты?

23.11.2023, 10:30

Бір апта бұрын аштық жариялаған журналист Әйгерім Тілеужанға қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай хат жазып, көпшіліктің атынан өтініш білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Хатта Рысбек Сәрсенбай Әйгерімнің батыл мінезін атап өтіп, қорқау билікке бола жас жаныңды құрбан етудің қажеті жоқ екенін жазған.

- Әйгерім! Жолбарыстай жүректі, арыстандай айбаттым! Елін ойлаған ақылдым! Қаңтар қасіреті мыңдаған қазақтың тағдырын талқан етті. Сенің де, анаңның да басына ауыртпалық артты. Кейбір азаматтарды сындырған сынақта иілмедің, бүгілмедің...

Сотсымақтардың заңсыз, негізсіз, дәлелсіз айыптау үкімдеріне, қиянаттары мен топастықтарына қарсылықты, наразылықты аштық жариялаумен білдіру қаншалықты ұтымды? Ақылдым Әйгерім! Ойланайықшы? Сенің қазіргі денсаулық жағдайыңда мұндай қадамға бару – өзіңді аямау, жас жаныңды құрбан етумен тең ғой. Бұл таскерең, қорқау билікке де керегі сол шығар?!

Менен және көпшіліктен өтініш – аштықты дереу тоқтатшы, Ақылдым, Айбындым! Анаңа, бізге – халқыңа керексің! – деп жазылған хатта.

Әйгерім қоғам атынан өтініш жасаған ағасының сөзіне құлақ асып кеше кешке аштықты тоқтатқанын атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, Әйгерім Тілеужанның қамын ойлаған оқырмандар әлеуметтік желіде оны аштықты тоқтатуға шақырып, пікір қалдырған болатын. Әйгерім Тілеужанның 5-6 келі салмақ жоғалтқаны да хабарланды.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Серіктес жаңалықтары