×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Қарсылассаң, абақтыға жабылуың мүмкін»: Әкім Ноғаев Әзірхановтың үстінен шағым түсірілетінін мәлімдеді

27.11.2023, 15:14
Коллаж: ulysmedia.kz.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өзі басқаратын әкімдіктің аппарат басшысы бұған дейін Бейнеу ауданына әкім болып сайлауға түспек болған Бекзат Әзірхановтың үстінен шағымданып жатқанын айтты. Таяуда өткен аудан әкімдерін сайлау науқанында Әзірханов «Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері өзіне қоқан-лоқы көрсеткенін мәлімдеген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Таяуда бүкіл республикада аудан әкімдері сайлауы өтті. Бірақ сіз басқарып отырған Маңғыстау облысында сол сайлау шумен өтті десе де болады. Бейнеу ауданы әкімдігіне өзін кандидат ретінде ұсынған Бекзат Әзірханов деген азамат Ноғаевтың адамдары «бірде мені қорқытпақ болды, бірде сатып алмақшы болды» деп мәлімдеме жасады. Тіпті түрмеге қамалуың мүмкін деп бопсалағанын айтты. Сайлауға өткізбеді деп тікелей сізді меңзеді. Бұған дейін әділ сайлау өткізу туралы Тоқаевтың да өзі айтқан. Сіздің облысыңызда болған сол кейс біздің елде ең жоғары деңгейде айтылатын сол саясатқа қарсы деп ойламайсыз ба? – деп сұрады Ulysmedia.kz тілшісі ОКҚ-дағы брифинг барысында әкімнен.

Маңғыстау облысының әкімі «жоқ» деп бастады. Оның айтуынша, «қандай да бір сайлау бәсекелестік мәселесіне тіреледі».

– Сайлауға қатысқан үміткерлер арасынан біреуі жеңеді, қалғандарының қандай да болса наразылығы болады. Біреу ол наразылықты ортаға шығарады, біреу шығармайды, біреудің көңілінде қалады. Сондықтан, бұл сайлау процесі, - дейді өңір әкімі.

Нұрлан Ноғаевтың сөзінше, жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдік өз құзіреті аясында сайлаушылардың тізімін жасақтайды. Сайлау учаскелерінің шекарасын анықтайды. Оны өткізуге жағдай жасайды. Электр жарығы, суы, барлығын уақтылы қамтиды.

– Ал үміткерлерді тіркеу немесе тіркеуден алу, басқа да сайлау процестеріне әкімдік араласпайды. Сайлау комиссиясының құзырындағы мәселе. Егер қандай да бір мәселе болса, сайлау комиссияларына жүгінуге болады. Ол жерден толық ақпарат ала аласыз. Ал жаңағыдай «қызмет ұсынды» немесе «тағы бір нәрсе істеді» деп Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысына қатысты айтылған мәселелер бойынша аппарат басшысы қазір аталған азаматты өзінің ар-ожданына нұқсан келетін фактілер бойынша және оларды қайтарып алу жөніндегі жүгіну мәселелерімен айналысуда, - дейді ол.

«Яғни сіз Бекзат Әзірхановтың айтқан мәлімдемесін жоққа шығарасыз ба?» деген сұраққа «заң аясында жауабымды бердім» деді.

– Оның өзінің түсінігі бар, мен қолданыстағы заңдардың аясында қызмет атқарамын. Екеуміздің арамыздағы мәселе (...) Мен лауазымдағы азаматпын, толық заң аясында қызмет атқарам. Қалғандары эмоциямен де, басқа да мәселелермен де өз ойларын жеткізуге құқылы, - деді ол.

«Ал сіз өзіңіз органдарға жүгінбейсіз бе?» деген сұраққа «аппарат басшысы жарайды ғой» деп жауап берді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігіне кандидат Бекзат Әзірханов аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың сайлау науқанындағы заңсыз әрекеттерге жол берді деп мәлімдеген еді. Бейнеүндеу жазған үміткер өзіне әкімдік тарапынан қоқан-лоқы көрсетіліп жатқанын айтқан еді.

– Мен Бейнеу ауданы әкімі болуға үміткер ретінде тіркелгеннен кейін Маңғыстау облысы аппаратының басшысы Аман Қалмұратов менімен байланысқа шығып, алдау, үркіту, сатып алу формаларымен өтінішімді кері қайтарып алуымды сұрады. Егер өтінішімді қайтарып алатын болсам, “біріншінің” досы боласың деді. Бірінші деп отырғанымыз – облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы. Егер қайтарып алмайтын болсаң, анаңның бизнесіне қауіп төндіреміз, ініңнің қызметіне тосқауыл қоямыз деді. Сонымен қатар, мені сатып алу формасына көшіп, Маңғыстау облысы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары, әлеуметтік қорғау және қаржы басқармаларының басшысы қызметтерін ұсынды. Және бұлармен қоса, жақсы жабдықталған кабинет, қызметтік көлік, қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етуге уәде берді. Мен «Өтінішімді кері ала алмаймын, президенттің әділ сайлау өткіземіз деген тапсырмасы қайда?!» деп едім, «Әй, Бекзат, сен де қызықсың-ей, оның бәрі бос сөз» деп жауап берді, - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары