×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда балаларға төленбеген алименттің жалпы сомасы 22 млрд теңгеге жетті

29.11.2023, 17:46
Қазақстанда балаларға төленбеген алименттің жалпы сомасы 22 млрд теңгеге жетті
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы бас прокуратура ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Бүгінде қарыз сомасы 22 млрд теңгені құрайды. Осыған байланысты прокуратура органдары борышкерлердің есепке алынбаған және жаңа кіріс көздерін анықтау үшін жаңа тәсілдер мен алгоритмдер әзірледі: такси қызметіндегі мобильді қосымшалар арқылы (Яндекс, inDriver, DiDi, Uber), букмекерлік кеңселердегі ставкалар, электрондық әмияндар және тағы басқа жолдар арқылы жұмыс істей бастады, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Сот орындаушылар борышкерлердің осындай табыстары туралы мәліметтерді прокурордың санкциясы арқылы алады. Мысалы, Қарағанды облысында прокурорлар электрондық әмияндарда ақшаны жасырған 86 төлемеушіні анықтаған. Кірістерден өндіріп алуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізу туралы ұсыныстар Әділет министрлігіне және Парламент депутаттарына жіберілген.