×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

«Оның заманы өтті»: Базарбек Назарбаев жайлы

13.12.2023, 12:23
Коллаж: ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде кешелі бері экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана Сlub форумына қатысуы қызу талқыланып жатыр. Назарбаев екі қызымен іс-шараға келген. Тұңғыш президенттің осы әрекеті жөнінде мәжіліс кулуарында журналистер депутат Бақытжан Базарбекке сұрақ қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана клаб деген шараға қатысуы қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желіде соны кейбір азаматтар жарыса жазып жатыр. Назарбаевтың жиі көріне бастауы қалыпты дүние ме, әлде қауіпті жағдай ма?» - деп сұрады журналист.

Бұл сауалға жауап берген Бақытжан Базарбек жан-жақтан қазір тақырып талқылап жатқанын айтады

«Анау жерге немесе мынау жерге қатысқанын. Білмеймін. Өзі солай шешкен шығар. Шынымды айтсам, оған қызықпаймын. Кітабын да оқып жатқан жоқпын», - дейді ол.

Журналист Базарбектен «егер экс-президент Назарбаев қайтадан билікке келсе, сіздің депутат болуыңыз мүмкін бе?» деп сұрады.

«Оның келуі мүмкін емес. Бәріміз қазір сол кісінің басқару кезеңіндегі былықтың бәрін не қылып жатырмыз. Ол кісінің билікке келуі барлық жұмысымызды құрдымға кетіреді. Ол болмайды. Оның заманы өтті. Жаңа заманға аяқ бастық. Ол кісінің билікке келуін екіталай деймін. Қаншама халықтың мұңы, қордаланған проблема, энергетика, ауыл шаруашылығы, жер мен су саласы, білім, денсаулық сақтау, халықаралық қарым-қатынастары проблемалардың барлығы шыны керек, сол кісінің кезінде орын алды. Әрине, жетіктіктері болды, бірақ проблемалары көп болды. Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық белең алып кетті. Қаптап кетті. Ол кісінің билікке қайта келуі деген ұят нәрсе», - дейді ол.

Қаңтар оқиғасынан кейін “зейнеткермін” деп мәлімдеме жасаған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев былтырдан бері жұрттың алдына көп шықпай кеткен. Тек президент сайлауында бой көрсетіп, биыл бауыры Болат Назарбаевтың асында да сөйлеген сөздері БАҚ-қа кең тараған еді. Ал кеше Назарбаевтың форумға қатысып, шетелдік меймандар алдында сөйлеп отырған видеосы тарады. 

Серіктес жаңалықтары