×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

2023 жылы ереуілге ең көп шыққан Маңғыстау облысының тұрғындары

25.12.2023, 14:14
lada.kz

Биыл Қазақстанда болған ірі ереуілдердің басым бөлігі Маңғыстау облысына тиесілі. Бұл туралы LS Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда 17 кәсіпорында ереуілдер өтті. Оның ішінде Маңғыстау облысында – сегіз. Салдарынан жұмыс ол жерлерде үш сағаттан аса уақытқа тоқтатылған.

Ең көп наразылық мұнай-газ саласына тиесілі. Салада 12 рет жағдай шиеленіскен. Сондай-ақ, екі ереуіл көлік саласындағы кәсіпорындарда, біреуі - тау-кен металлургия, өнеркәсіп, құрылыс салаларының зауыттарында және олардан тапсырыс алатын ұйымдарда өтті.

Негізінен қызметкерлер жыл сайынғы инфляцияға байланысты жалақыны көтеруді, "ҚазМұнайГаз" еншілес  ұйымдарының штатына ауыстыруды, жұмыс қорытындылары бойынша сыйлықақылар төлеуді, еңбек жағдайларын жақсартуды, ұзақ мерзімді кезеңдерге келісімшарттар жасасуды және жұмыстан шығару тәуекелдерін азайтуды талап етті.

2023 жылдың 11 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 6,4 мың тексеру жүргізді, еңбек заңнамасының 7,1 мың заң бұзушылықты анықтады. Оларды жою үшін жұмыс берушілерге 4,1 мың ұйғарым берілді, 341,3 млн теңгеге 2,2 мың айыппұл салынды.

Еске салайақ, Маңғыстауда желтоқсанның ортасында басталған  ереуіл әлі басылған жоқ.

Серіктес жаңалықтары